Қазақстанда жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9 тамызда Алматы уақытымен 14 сағат 44 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.