Малайзияның экс-премьері 45 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия соты елдің бұрынғы премьері Наджиб Разакқа ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес туралы заңды бұзды деген айып тақты. Сондай-ақ ол заңсыз жолмен табысқа кенеліп, мемлекеттік SRC International қорының 10 миллион доллардан астам қаржысын жаратқан, деп хабарлайды euronews.com.