Ашхабад Түрікменстандағы 1 млн тұрғыны бар алғашқы қалаға айналды
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Ашхабад тұрғындары 1 миллион адамнан асты. Бұл туралы үкіметтің видеоселекторлық кеңесінде астаналық әкімшілік басшысы Шамухаммет Дурдылыев мәлім етіп, Ашхабад шекарасын кеңейту мәселесін ұлт көшбасшысының қарауына ұсынды, деп хабарлайды turkmenportal.com.