«Қазгидрометтің» 25 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 шілде күні антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.