Еуропалық балеттің жұлдыздары елордада өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада тұңғыш рет шілденің 27-30 аралығында «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында атақты Париж ұлттық опера театрының балет труппасы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетпек. Бұл туралы ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.