Астанада бірқатар автобус бағдарының жүріс бағыты өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус бағдарының жүріс бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Фейбуктегі парақшасында жазды.