Ауыл балалары шетелде оқуға 30 грант ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ауыл балалары арасындағы "IQanat" білім олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Шараның негізгі мақсаты - білімге құштар дарынды оқушыларды анықтау. Ауылды жерде ондай балалар көп болып шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.