Қазақстан мен Германия стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздеп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Германия стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, жоғары технологиялық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, әсіресе Қазақстанның экономикасын жаңғырту және индустриялық технологияларды енгізу тұрғысынан мүдделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы және өзге де мәселелер Берлинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және ГФР Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша Уәкілі Андреас Пешке деңгейінде өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси кеңестер аясында талқыланды.