ӘЧ-2018: Франция мен Дания екі жолдамаға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде футболдан өтіп жатқан әлемдік доп додасы қыза түсті. Бүгін топтық кезеңнің С тобындағы құрамалар үшінші тур ойындарын өткізді. Мәскеудегі «Лужники» стадионында Франция мен Дания құрамалары өзара шеберлік байқасты. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.