Астанада алдағы үш жылда 27 мектеп салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада алдағы үш жылда 27 мектеп тұрғызылып, тағы 10 мектепті жалғап салу арқылы үлкейту көзделіп отыр. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.