Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында IT-орталық ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы IT-мамандарды дайындау, білім беру саласын жетілдіре түсу мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыра бастады. Аталған жоба аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адамға білім беру жоспарланып отыр.