20 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысында, солтүстік-батыста, солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.