Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елордаға XI Астана экономикалық форумына қатысу үшін делегациямен келген Хорватия мемлекетінің экономика министрінің орынбасары Наташа Жигманмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.