Ақтөбеде Астананың Мәдени күндері өтіп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына арналған елордалық шығармашылық ұжымның гастролдік сапары басталды. Үш күн ішінде ақтөбеліктер әншілердің өнерін, үздік қойылымдар мен экспозицияны тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.