ОҚО-да су шайып кеткен ескі қорымдағы мүрделер басқа жерге көшірілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында су шайып кеткен ескі қорымдағы мүрделер басқа жерге көшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Зертас ауылының әкімі Лесбек Серікбаев хабарлады.