Топырақ көшкіні Көлсай өзеніне жетті
Бүгін Алматы облысы Кеген ауданындағы Саты ауылы мен Көлсай көлдері арасындағы топырақ көшкіні Көлсай өзеніне жетті. Оқиға "Көлсай көлдері" табиғи паркі аумағында болған.
Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлайды. 19 сәуірде көшкін Малыбай Көлсай өзенінің оң жағасындағы Малыбай шоқысынан басталған. Баяу қозғалған топырақ массасы қазір Сатыдан Көлсайға баратын автомобиль жолын басып қалған. Электр бағандары да құлап істен шыққан. "Көлсай көлдері" табиғи паркі аумағындағы көшкіннің жылдамдығы "Қазселденқорғау" мекемесі басшысы Тоқтар Баймолдаевтың айтуынша, сағатына бір метр деп шамаланады.
Оның айтқандарына қарағанда, топырақ көшкіні Көлсай өзені арнасын толтырып тастауы мүмкін. Қазір өзеннен екі текше метр су ағып өтеді. Мамырдың соңы - маусымның басында өзендегі су өткізу көлемі ұлғаяды.
(толығады)