Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2018

Қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар тізімін түзді

0
Қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар тізімін түзді

Қазақстандық "Ар.Рух.Хақ" құқыққорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина сәуірдің 14-і күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Қазақстандағы саяси тұтқындар" тізімі туралы баспасөз баянын жариялады. Онда жергілікті "құқыққорғаушы ұйымдардың сараптамалық кеңесі" халықаралық Amnesty International ұйымы мен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы өлшемдері негізінде сәуірдің 4-і күні қабылдаған "Қазақстандағы саяси тұтқындардың" жаңартылған тізімі бар.

Бұл тізімге келесі адамдар енгізілген:

- Макс Боқаев - құқыққорғаушы, 2016 жылы сотталған;

- Талғат Аян - құқыққорғаушы, 2016 жылы сотталған;

- Әмин Елеусінов – кәсіподақ жетекшісі, 2017 жылы сотталған;

- Нұрбек Құшақбаев – кәсіподақ жетекшісі, 2017 жылы сотталған;

- Махамбет Әбжан - құқыққорғаушы, қоғамдық белсенді, 2017 жылы сотталған;

- Санат Бөкенов – құқыққорғаушы, 2017 жылы сотталған;

- Едіге Батыров – азаматтық белсенді, фермер, 2016 жылы сотталған;

- Ержан Оразалинов - эколог, азаматтық белсенді, 2016 жылы сотталған;

- Ярослав Голышкин - журналист, 2015 жылы сотталған;

- Санат Досов - азаматтық белсенді, блогер, 2016 жылы сотталған;

- Игорь Сычёв – интернет парақша администраторы, 2015 жылы сотталған;

- Руслан Гинатуллин - блогер, 2016 жылы сотталған;

- Наталья Уласик - блогер, азаматтық белсенді, 2016 жылы сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жатқызылған;

- Саят Ыбырай - профессор, 2011 жылы сотталған;

- Игорь Чуприна - блогер, 2016 жылы сотталған;

- Әсет Матаев - журналист, 2016 жылы сотталған;

- Ескендір Ерімбетов - кәсіпкер, 2017 жылғы қарашаның 13-інен бері тұтқында;

- Ақмарал Тобылова – азаматтық белсенді, 2018 жылғы наурыздың 15-інен бастап үйқамаққа алынған;

- Ардақ Әшім - блогер, азаматтық белсенді, 2018 жылғы наурыздың 31-і күні емдеу мекемесіне мәжбүрлі түрде жатқызылған.

Бұл тізімдегі кей мәліметтердің ескіргені байқалады. Мысалы, сәуірдің 11-і күні сот профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулы шығарған. Сәуірдің 13-і күні Ақмарал Тобылова үйқамақтан босатылған. Дәл сол күні сот қауылысымен Талғат Аянның түрме мерзімінің өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. Қазақстандағы саяси тұтқындардың жаңартылған тізімінің қабылданғаннан кейін он күн өткенде ғана жариялануының себебін сұраған Азаттық тілшісінің сауалына құқыққорғаушылар сараптамалық кеңесінің үйлестірушісі Бақытжан Төреғожина оны "мәтінді қазақ және ағылшын тілдеріне аударуға байланысты" деп түсіндірді.

Қазақстандағы саяси тұтқындардың жаңартылған тізімінде жергілікті құқыққорғаушылар бұған дейін де саяси тұтқын немесе ар-ождан тұтқыны деп таныған адамдар: 18 жылға сотталған ақын әрі диссидент Арон Атабек (2006 жылдан бері түрмеде отыр); 2009 жылы 14 жылға сотталған "Қазатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев; 2012 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған құқыққорғаушы Вадим Курамшин; 2015 жылы "діни алауыздық қоздырған" деген айыппен 4 жыл 8 айға сотталған Сәкен Тұлбаев бар.

Сараптамалық кеңеске қатысқан құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевтың Азаттыққа айтуынша, кеңес отырысы сәуірдің 4-і күні Қазақстанның адам құқығын қорғау жөніндегі бюросының кеңсесінде өткен. Шорманбаев Қазақстандағы саяси тұтқындар тізімін түзген кезде халықаралық құқыққорғау ұйымдарының өлшемдері есепке алынғанын құқыққорғаушы ретінде ғана емес, сонымен бірге заңгер ретінде растайтынын айтты.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Мэр Москвы рассказал про сервисы в центре "Профессии будущего"


Спорт в России и мире
Москва

ЦСКА обыграл "Урал" в заключительном матче РПЛ


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

ATP-250 Open Parc – Lyon. Бублик поборется за выход в финал


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Синоптик предупредил об аномальной жаре в начале лета в Москве





Путин в России и мире
Москва

Лукашенко лично проводил Путина в аэропорт Минска


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

И драники, и сало: Лукашенко угостил Путина в Минске национальными белорусскими блюдами




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Панасыч, а местечковые то не знают...


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Юрий Лоза

Лоза раскрыл истинную причину конфликта Киркорова и Успенской



Москва

На востоке Великобритании разбился истребитель Второй мировой войны

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net