Берік Әбдіғалиұлы: «Миды жаулау» соғысында халқымыздың қалқаны - Руханият
АСТАНА. ҚазАқпарат - «...Жазылмаған тарихымның жолдарын, ауызекі аңызыңнан іздедім» деген екен бабаларына жыр арнаған ақын Мұқағали. Расында да, аттың жалы, түйенің қомында өткен бабаларымыз арғы тарихын аңызға мұра етіп, ұрпағына ұлан байтақ даланы қалдырып кетті. Бүгінгі буын үшін енді осынау кең көсілген жердің шып-шырғасын шығармай ұрпағына қалдырмақ - жауапты міндет. Осы ретте кейінгі буынның санасына қазақтың қастерлі жерінің киесін сіңіру, баба мұрасын аманаттау жүктелген «Қасиетті Қазақстан» орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлын сұхбатқа тартқан едік.