Премьер-Министр атыраулық студенттермен, оқу орындарының басшыларымен кездесті
![Премьер-Министр атыраулық студенттермен, оқу орындарының басшыларымен кездесті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180413164732.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Д. Нұрпейісова атындағы Атырау музыкалық колледжін аралағаннан кейін, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерімен, студенттік ұйымдардың үздіктерімен, өңірдің жоғары және орта арнайы білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.