Ұлттық банк болжамы: Қазақстанда алдағы екі жылда инфляция төмендейді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі елдегі инфляцияны осы жылдың аяғында 5-7% және 2019 жылдың соңында 4-6% деңгейінде болады деп болжауда. Бұл туралы Мәскеудегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ресей астанасында өткен ЕАЭО қатысушы-мемлекеттердің валюталық саясат жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысы барысында хабарлады.