Ми қан айналымының жіті бұзылысы
Бүгінгі таңда медицина саласында, соның ішінде жүйке жүйесі аурулары арасында, ми қан айналымының жіті бұзылысы - өткір проблемалардың бірі. Себебі аталмыш сырқат әбден белең алып, одан туындайтын инсульт салдарынан өлім-жітім көбейіп, мүгедектіктің ең басты себебі болып отыр. Сөйтіп бұл медициналық қана емес, әлеуметтік те мәселеге айналды.