Сейсенбіде елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауады, тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Елдің басым бөлігінде тұман сақталады.