Каспийдің логистикалық инфрақұрылымы Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асырады - Мамин
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА дамыту мен Каспий логистикалық инфрақұрылымы жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының хатшылығына сілтеме жасап хабарлайды.