Мұғалім мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны артты
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда педагогтардың сапалық құрамы артты. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.