Синоптиктердің жексенбіге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпанда Қазақстанның аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.