ОҚО-да 700-ден астам студент ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 33 колледждің 720 студенті қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.