ОҚО-да биыл 3 мыңнан астам мал бордақылау алаңы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 15 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 833 мың га жеткізіледі. Бұл жөнінде «Түркістан» сарайында өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.