Синоптиктердің 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 ақпан күні республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.