Құрымбайдың жігітшілігі
Күзгі күн еді. Күн ұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай тынып басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде. Күн батып бара жатыр. Батар күннің сәулесі қызарып шашырап, дөңес жерлер қарауытып, қабағын жауып түнеріп тұр. Күншығыс жақтан құшағын жайып кележатқан қою қараңғылық — жапан даланы ұзатпай бүркейін деп тұрған сияқты.