ОҚО әкімдігі өтініш-шағымдарды Whatsapp-пен қабылдай бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желі арқылы халықпен байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджерін іске қосты. Әкімдік аталған байланыс арқылы облыс жұртшылығымен ашық диалог орнатуды мақсат ете отырып, жергілікті атқарушы биліктің қызметін жетілдіруді және қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуді көздейді. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.