ОҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы мобильдік топтар құрылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өңіраралық және халықаралық бағыттағы қоғамдық көліктерге бақылау жұмыстары күшейтілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою бағытында іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2 мобильдік топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.