ОҚО-да 2017 жылы тапсырылған тұрғын үй көлемі 36 пайызға артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы жалпы алаңы 721 мың шаршы метрді құрайтын 7482 пәтер ел игілігіне тапсырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға көп. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.