Қазақстанның бірқатар аймақтарында сенбі күні жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазақстаның басым бөлігіндегі ауа райын антициклон айқындайтын болады. Негізінен елдің басым бөлігінде қар жаумайды, батыс, солтүстік-батыс және елдің солтүстігіне қар түсуі мүмкін. Республика бойынша бірқатар аймақтарда тұман түсіп, батыс пен отүстік-батыста жел күшейіп, кей жерлерде борандатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.