Шымкент әкіміне әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түсті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жаңа жобаны қолға алды. «Әкімге сұрақ қой» бірегей жобасына сәйкес тұрғындар бір ай көлемінде жексенбі күндері сауал қоя алады. Ал осы демалыс күні әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.