Қасым-Жомарт Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.