Жексенбіде елдің басым аумағында көктайғақ болып, тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік шығыс, шығыс және орталығының кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады.