Астаналықтар «Түркияның Титанигі» аталып кеткен фильмді тамашалай алады
![Астаналықтар «Түркияның Титанигі» аталып кеткен фильмді тамашалай алады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20171121174512.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Ертұғырыл 1890» атты фильмді көрерменге ұсынады. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Юнус Эмре орталығы «Айлық түрік фильмдері» аясында үздік түрік кинотуындыларын көрсетіп келеді. Шара Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық байланысының 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін «Махаббат саған ұқсайды», «Соңғы хат», «Көбелектің түсі», «Ұмытсам сыбырла», «Ұзын хикая», «120» атты кинотуындылар көрсетілген болатын.