«QAZSPORT» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «QAZSPORT» телеарнасы спорт тақырыбын жетік білетін комментаторларға байқау жариялайды. Кастингке спорт саласын жақсы білетін және халыққа ойын еркін жеткізе алатын үміткер қатыса алады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК.