Қазақстандық «Джолидің» алғашқы жекпе-жегі кейінге шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Джоли» атанып кеткен боксшы Зарина Цолоеваның АҚШ-та Селина Барриосқа қарсы 2 қарашаға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Спортшы бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.