Ақтөбенің оңтүстік айналма жолын аяқтауға Үкіметтен қосымша 800 млн теңге сұралды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин қаланың жол құрылысымен, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.