Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан құрбан болғандар саны 29 адамға жетті
![Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан құрбан болғандар саны 29 адамға жетті](https://icdn.lenta.ru/images/2017/08/01/22/20170801223537511/pic_8ead0e58151119e923c7c755b327cbb7.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік батысында Герат қаласындағы мешітте болған жарылыстан құрбан болғандар саны 29-ға жетті. Тағы 60-тан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы билік өкілдеріне сілтеме жасап жергілікті Tolo News телеарнасы жариялады.