Еуропаға жеткізілетін Иран мұнайының көлемі 6 есеге артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ираннан Еуропалық одаққа мүше 28 елге жеткізілетін мұнай көлемі 2017 жылдың 4 айында 9 млн 316 мың тоннаны құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7 есеге артып отыр. Бұл жайлы Еуропалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ИРНА агенттігі мәлім етті.