ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев оңтүстіктің тұрғындарымен кездесті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан-қалаларды аралап, халықпен кездесіп жатыр. Сарыағаш ауданында болған сенатор жергілікті билік өкілдері мен тұрғындарға ел дамуын еселейтін маңызды құжаттардың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.