Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

“Бізге де осылай қартаюды жазсын“: қарт ерлі-зайыптының әңгімесі желі қолданушыларын елжіретті

0
Алматы облысындағы қарт ерлі-зайыптының саяхат туралы әңгімесі әлеуметтік желі қолданушыларын елжіретті. Бейнежазбада ата әжеден тағы қайда барғысы келетінін сұрайды, ал әжесі әңгіме ықыласпен жалғастырады. Ролик миллионнан аса қаралым жинады, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл қалай басталды?
Бейнежазба кейіпкерлері Жұмаділ Орманбеков пен Елшан Орманбекова. Олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Май (бұрынғы Авангард) ауылында тұрады.
Немерелері Эльмираның айтуынша, болашақ ерлі-зайыпты студент кездерінде танысқан. Екеуі Талғардағы техникумда бір топта үш жыл оқыған. Оқу орнын 1963 жылы бітірген соң, Қарағандыға жолдама алады. Сол жылы олар шаңырақ көтерген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri LIVE (@tengri.live) жарияланымы


Қарағандыда Жұмаділ ата агроном болып жұмыс істесе, Елшан апа бригадир болған. Кейін атасы үш жыл әскерде қызмет еткен. Ерлі-зайыпты ғұмырының көп бөлігін Еңбекшіқазақ ауданында өткізген: атасы совхозда кассир, әжесі есепші болып еңбек еткен.
Бірге өткізген жылдар ішінде олар төрт перзент тәрбиелеп өсірді, бүгінде 12 немере мен 15 шөбере сүйіп отыр.
Видео қалай түсірілді?
Биыл күзде ерлі-зайыпты Қазақстанды біраз аралаған. Алдымен бір ай Алматыдағы қызының үйінде қонақта болса, кейін тағы бір ай Астанадағы ұлының қасында болған. Одан соң Шелекке оралып, кейін Алматыдағы туыстарына тағы бір аптаға келген.
Видеоның басында әже "бабасенка" деген ерекше сөз айтады. Бұл олардың "бірдеңе туралы сөйлесейікші" деген мағынаны білдіретін өз араларындағы қалжыңы екен.

"Апам атамa осы күзде жақсылап қыдырғандарын айтып жатқан еді. Видеода атам апамнан тағы қайда барғысы келетінін сұрап жатыр. Мен осы сәтті түсіріп алдым", - дейді Эльмира.

Немересі ролик осынша танымал болатынын күтпегенін айтады. Видео миллионнан аса қаралым жинап, пікірлер бөлімінде қолданушылар жылы лебіздері мен тілектерін қалдырған.

"Қандай сүйкімді жұп, жарасымды жандар", "Ата мен апа аман-есен, бақытты болып, 100 жасасын", "Әттең, қазір бір құлағым естімейді. Қартайғанда жұбайымның алдында қиналатын болдым-ау", "О, Құдай, қандай сүйкімді! Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Эльмираға әсіресе қартайғанда үлкен бір әулеттің ақылшысы болып, балалары мен немерелеріне қыдырып, туған-туыстарымен бірге уақыт өткізуді армандайтындардың пікірлері ерекше әсер еткен.

"Ролик 1 миллионнан аса қаралым жинайтынын күтпедім, жылы сөздер мен ақ тілектер өте көп болды. Апам да қуанып жатыр", - дейді немересі.

Ұзақ некенің сыры неде?
Ерлі-зайыпты отбасылық бақыттың құпиясын бөлісті. Атаның айтуынша, бастысы - әйелді тыңдау, оған қамқорлық жасап, үй шаруасына көмектесу. Ол жас кезінде жұбайын шипажайларда демалуға жиі жіберіп тұрғанын айтты.
Ал апаның пайымдауынша, берік қарым-қатынастың негізі - махаббат пен өзара түсіністік.
Эльмираның айтуынша, олар кейде әзілдесіп дауласып та алады. Бұл ретте апа сөйлегенді жақсы көреді, ал ата оны ықыласпен тыңдайды. Осындай сәттер олардың отбасындағы ерекше жылулықты сақтап тұр.
Бұған дейін Астана тұрғыны үйінде жарық жоқ екеніне шағымдану үшін әкімдікке баласымен барған. Әйел бұл мәселені қызық эмоциямен жеткізгені сондай - оның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.
Тағы оқыңыз: “Жарық қайда?!“ Астанада әкімдікке келген әйел желі жұлдызына айналды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net