Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

UFC аңызы 53 жасында мезгілсіз қайтыс болды

0
UFC жұлдыздарымен жұмыс істеген танымал оңтүстіккореялық және америкалық соққы техникасы бойынша жаттықтырушы Эдди Ча 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Аралас жекпе-жек әлемі орны толмас қазаға ұшырады – соққы техникасының әйгілі шебері Эдди Ча 54-ке қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды.
Өлім себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Ча көп жыл бойы Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) Fight Ready MMA клубында тік тұрып айқасу техникасы бойынша бас жаттықтырушы болып қызмет етті әрі UFC-дегі соққы техникасы жөніндегі үздік мамандардың бірі саналды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Эдди Ча UFC чемпиондарын тәрбиеледі
Эдди Ча Оңтүстік Кореяда дүниеге келген, үш жасында Калифорнияға көшіп, төрт жасынан бастап әкесінің қол астында жекпе-жекпен айналысқан.
Кәсіби покер ойыншысы мансабынан кейін ол өзін толықтай жаттықтырушылыққа арнады: алдымен Калифорнияда All In MMA залын ашты, кейін Аризонаға қоныс аударды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eddie Cha (@eddie_cha) жариялаған жазба


Бастапқыда оған ірі жұлдыздарды тарту қиынға соқты, сондықтан ол залға келіп жүрген спортшыларды дамытуға шешім қабылдады. UFC-дегі алғашқы үлкен жетістігі Франсиско Ривера болды. Чаның жетекшілігімен ол бірқатар жеңіске жетіп (соның ішінде UFC-де қатарынан үш жеңіс), дивизионның үздік ондығына кірді.
Калифорниядағы жетістіктерінен кейін Чаға UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Бенсон Хендерсон мен бапкер Джон Крауч назар аударды. Олар оны Аризонаға шақырды – ол алдымен MMA Lab залында жұмыс істеп, кейін Fight Ready клубына ауысып, соққы техникасы бойынша бас жаттықтырушы болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eddie Cha (@eddie_cha) жариялаған жазба


Оның есімі әсіресе Генри Сехудомен тығыз байланысты. Чаның жетекшілігімен еркін күрестен Олимпиада чемпионы толыққанды MMA файтеріне айналып, бірден екі дивизионда: жеңіл және аса жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын жеңіп алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eddie Cha (@eddie_cha) жариялаған жазба


Сехудодан бөлек, Эдди Ча бірқатар чемпионмен жұмыс істеді: Чжан Вэйли (әйелдер арасындағы ең төменгі салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы), Дейвесон Фигейреду (аса жеңіл салмақтағы экс-чемпион), Джон Джонс (жартылай ауыр және ауыр салмақтағы атақты чемпион), Маккензи Дерн (әйелдер арасындағы ең төменгі салмақтағы UFC чемпионы) және басқа да танымал спортшылар.

Эдди Ча қайтыс болды. Аризонадағы Fight Ready клубының соққы техникасы бойынша жаттықтырушысы ол Генри Сехудо және Джон Джонспен жұмыс істеген. Ол 2020 жылы Доминик Крузды жеңген кезде Сехудоның бұрышында болды және Джонсқа Сирил Ганды жеңіп, ауыр салмақтағы титулды иеленуге көмектесті. Бұл туралы алғаш болып Майкл Кьеза хабарлады, одан кейін жүздеген адам көңіл айтты. Өлім себебі әлі расталған жоқ. AgentMMA
— Agent MMA (@agentmma) 25 қараша, 2026 жыл
Көп жыл бойы Ча "Корей зомбиі" – Чан Сон Джунмен тығыз жұмыс істеді. Ол оған жартылай жеңіл салмақ рейтингінде көтеріліп, титулдық жекпе-жекке дайындалуға көмектесті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eddie Cha (@eddie_cha) жариялаған жазба





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net