Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандықтар цифрлық платформалар арқылы табыс таба алады: Тоқаев жарлыққа қол қойды

0

Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, табыс пен жұмыспен қамтудың жаңа көздерін құру, цифрлық нарықтарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономикалық қызметте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, сондай-ақ халықтық цифрлық экономикаға көшу мақсатында Президент қаулы етті:
Қазақстан Үкіметі:
- азаматтардың табыс алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық жұмыспен қамтуды дамытуға, жасанды интеллектіні практикада қолдануға, отандық өндірушілердің өткізу нарығына қолжетімділігін қамтамасыз етуге және экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға бағытталған Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралардың кешенді жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекітсін;
- Кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру кезінде Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Кай-Фу Лидің кәсіби қызметте, оның ішінде цифрлық платформалар арқылы ақы төленетін тапсырыстарды орындау кезінде жасанды интеллектіні қолданудың практикалық дағдыларын дамыту жөніндегі ұсынымдарын пайдалансын;
- отандық өнім өндірісін кеңейту және оны өткізу мақсатында кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шараларын жекеше электрондық сауда алаңдарының, банктердің, логистикалық компаниялардың және цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен біріктіруді қамтамасыз етсін;
- жұмыс істеп тұрған электрондық сауда алаңдары мен сауда желілері арқылы ауылдағы өндірушілердің өнімін қабылдау, дайындау, олардың логистикасы, өткізу тетіктерін қолданыстағы сауда-логистика инфрақұрылымы мен қаржы құралдарын пайдалана отырып әзірлеуді және ендіруді қамтамасыз етсін;
- практикалық тәжірибенің орындалған тапсырыстар туралы мәліметтер негізінде расталуын көздеп, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қысқа мерзімді ақы төленетін тапсырыстарды кейіннен азаматтардың орындауы үшін жұмыс істеп тұрған цифрлық платформаларда тұрақты түрде орналастыруын қамтамасыз етсін;
- азаматтардың цифрлық платформаларды пайдалана отырып, ақы төленетін қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын азаматтық-құқықтық, еңбек, салықтық және әлеуметтік қатынастарды қамтитын цифрлық жұмыспен қамтудың оңайлатылған құқықтық режимін қалыптастыруды, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мүмкіндігін пысықтауды 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қамтамасыз етсін;
- Кешенді жоспарда көзделген цифрлық дамудың пилоттық жобаларының нәтижелілік көрсеткіштерін белгілей отырып, оларды 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосуды қамтамасыз етсін, жобаларды іске асыру нәтижелеріне бағалау жүргізіп, табысты практикаларды кеңінен қолдану жөніндегі шараларды 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін айқындасын.
Астана, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдіктері:
- 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін Кешенді жоспарға сәйкес өңірлік жоспарларды бекітсін;
- әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өзге де өңірлік даму институттарының және қаржы ұйымдарының қатысуымен өнімді кейіннен өткізуден түсетін түсім есебінен ауылдағы өндірушілерге аванс беру тетіктерін көздесін;
- ауылдағы өндірушілердің өнімін сауда желілеріне, электрондық сауда алаңдарының қоймаларына және сатып алушыларға жеткізу үшін оны жинау, дайындау және шоғырландыру бойынша қолданыстағы сауда-логистика инфрақұрылымын пайдалануды және қажетті сауда-логистика инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етсін;
- азаматтарды, оның ішінде ауылдағы кәсіпкерлер мен өндірушілерді жұмыс істеп тұрған электрондық сауда алаңдары арқылы өнімді өткізу бойынша оқытуды, консультация беруді және практикалық сүйемелдеуді ұйымдастырсын;
- отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту және электрондық сауданы дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау алған ауылдағы өндірушілерге өндіретін өнімін электрондық сауда алаңдарында орналастыруға жәрдемдесу жұмыстарын жүргізсін.
Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тоқаев Қазақстан азаматтары қалай компаниялардың ортақ иесі бола алатынын айтты
Еске сала кетейік, биыл қазанда халыққа Жолдауын жариялау барысында Президент халыққа ортақ цифрлық экономика қалыптастыру үшін адамдардың мүмкіндігі олар қай жерде тұратынына тәуелді болмауы керек екенін айтты. Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде немесе қалаларда тұратын азаматтар смартфонды заңды табыс табу құралы ретінде пайдалануды үйренуге тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент активтерді токенизациялау, яғни оларды цифрлық ортаға көшіру әлеуетін толық пайдалану керек екенін мәлімдеді.

"Бұл азаматтарға компаниялар мен түрлі нысандардың ортақ иесі болуға, ал кәсіпкерлерге артық делдалсыз тікелей капитал тартуға мүмкіндік береді. Халыққа арналған цифрлық экономика құрудың стратегиялық мақсаты - әрбір азаматтың игілігі үшін заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдалану", - деп толықтырды Тоқаев.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net