Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Жаңа кен орындары, газ жобалары, МӨЗ: Тоқаев “ҚазМұнайГаз“ басшысын қабылдады

0

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы он айда атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп берілді.

Асхат Хасенов бүгінде "ҚазМұнайГаздың" капиталы 22 триллион теңге болатынын жеткізді. Компанияның қаржылық жағдайы тұрақты және бұл жалпы сомасы 16,7 триллион теңге болатын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Президентке компания 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын қабылдағаны жөнінде баяндалды. 23 жобаны іске асыру аясында 60 000 шақырым көлемінде сейсмикалық барлау жүргізу, сондай-ақ, жалпы геологиялық ресурсы 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" қолданыстағы активтерде үнемі қосымша барлау жұмыстарын жүргізеді. Атырау облысында Батыс Қарасор және Маңғыстау облысында Қаражанбастың Жағалау аймағы кен орындарын игеру басталды.

Мемлекет басшысына жасанды интеллект көмегімен кен орындарының цифрлық егізі енгізіліп жатқаны туралы айтылды.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тауарлық газ өндіруді қысқа мерзімде 2,6 миллиард текше метрден 4,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде мәлімет берді.

Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында газ нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Қосымша экспорт бағыттарын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді. Жыл қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 800 мың тоннаға өскен.

Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай химиясы зауытының қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының, соның ішінде полиэтилен өндірісі мен газ сепарациялау кешені құрылысының барысы таныстырылды.

Сондай-ақ, аймақтарда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға айрықша мән берілді. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында "ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жыл басынан бері 386 мың ағаш отырғызған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net