Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Nvidia-ның экс-басшысы Дженсен Хуанг АҚШ Сенатында жауап беруге келісті

0
Nvidia компаниясының бұрынғы бас директоры Дженсен Хуанг қытайлық кәсіпкер әйелмен байланысына қатысты тергеу аясында АҚШ Сенатының банк комитетінде жауап беруге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Конгресіндегі тексеруге Хуангтың кәсіпкер Элис Хуангпен жеке қарым-қатынасы себеп болған. Бұған дейін Элис Хуанг Сингапурдағы Megaspeed компаниясында басшылық қызмет атқарған. Қазір АҚШ Сауда министрлігі мен Сингапур билігі бұл компанияны санкцияға іліккен Nvidia чиптерін Қытайға заңсыз жеткізді деген күдікпен тексеріп жатыр.
Америкалық заң шығарушылар кәсіпкер әйелдің Қытай арнайы қызметтерімен ықтимал байланысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген-төндірмегенін де анықтамақ. Ал Megaspeed компаниясы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Анықтама: Nvidia – 1993 жылы құрылған америкалық технологиялық компания. Ол графикалық процессорлар (GPU) мен есептеу жүйелеріне арналған үдеткіштерді әзірлеу бойынша әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі саналады. Компания алғашында компьютерлік ойындарға арналған GeForce видеокарталарымен танылды. Кейін графикалық чиптерді күрделі есептеулерге пайдалануға мүмкіндік берген CUDA технологиясын жасап, саланың дамуына үлкен өзгеріс әкелді. Қазір Nvidia жасанды интеллект саласындағы маңызды компаниялардың бірі саналады. Ол ірі нейрожелілер мен деректер орталықтарының жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтар мен бағдарламалық шешімдер шығарады. Сонымен қатар, компания жүргізушісіз көлік, робот техникасы, суперкомпьютерлер және бұлттық ойын сервистеріне арналған технологияларды дамытып келеді. Кейінгі жылдары жасанды интеллектке сұраныстың күрт артуы Nvidia-ның нарықтық құнын өсіріп, оны әлемдегі ең қымбат компаниялардың қатарына қосты.


Нақты күні әлі нақтыланып жатқан Сенаттағы жария тыңдаулардан бөлек, компанияның бұрынғы басшысы АҚШ Өкілдер палатасында да стенограмма бойынша түсініктеме береді.
БАҚ-тың хабарлауынша, Дженсен Хуангпен жабық сұхбат 1 желтоқсанға жоспарланған, ал 2 желтоқсанда заң шығарушылар NVIDIA-ның бас заң кеңесшісі Тим Тетерді де тыңдайды.
Неге Дженсен Хуанг Nvidia-дан кетті?
Дженсен Хуанг 1993 жылы компания негізін қалап, 33 жылдан аса уақыт басқарды.
Алайда 2026 жылғы қарашада кәсіпкерге қатысты дау туындады. Америкалық БАҚ мәліметінше, Хуанг қытайлық бизнесвуменмен некеден тыс қарым-қатынаста болған, ал АҚШ арнайы қызметтері ол әйелді ҚХР барлау қызметімен байланысы бар деп күдіктенеді. Қытай тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Кейін журналистер Хуанг Nvidia қызметкерлерімен де қарым-қатынаста болғанын хабарлады. Осы жарияланымдар аясында директорлар кеңесі компания басшысы шетелдік барлау операциясы нысанасына айналу мүмкіндігін анықтау үшін тәуелсіз тергеу бастады. Кәсіпкер құпия мәліметтерді бергені туралы расталған жария қорытынды жоқ.
12 қарашада Хуанг қызметтен кететінін жариялады. Ол кеткеннен кейін компания жаңа тұрақты басшыныны іздеуге кірісті.
Кейін кәсіпкердің өзі директорлар кеңесі солай дұрыс деп шешсе, бұрынғы қызметіне қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда 17 қарашада Nvidia басшылығы қызметкерлер мен кәсіпкерлер арасында Хуангты қолдау науқаны жүріп жатқанына қарамастан, оның қайтып келу мүмкіндігі қарастырылмайтынын аңғартты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net