Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Самұрық-Қазынадан“ ҚТЖ-ға дейін: ұсталған Жақыпов пен Отыншиевтің мансап жолы қалай тоғысты?

0

Бүгін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар 11 қарашада жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да тұлғалармен бірге ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі топ-менеджердің қызмет жолы "Самұрық-Қазынада" тоғысқан. 2023 жылғы сәуірде Жақыпов қорды басқарса, Отыншиев стратегия және активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директор ретінде басқарма құрамына кірді. 2024 жылғы сәуірде Отыншиев қордың басқарушы директоры болды. Оның жауапкершілік аясына әртүрлі саладағы, соның ішінде теміржол секторындағы портфельдік компаниялар кірді.

2024 жылғы ақпаннан бастап Отыншиев ҚТЖ директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2024 жылғы 20 шілдеде ұлттық компанияны басқарды: тағайындау туралы шешімді "Самұрық-Қазына" қоры қабылдады.

Ұсталған сәтте Отыншиевтың ҚТЖ-ны басқарғанына төрт ай да болмаған.

Tengrinews.kz инфографикасы

Отыншиев 8 шілдеде өкілеттігі тоқтатылған Талғат Алдыбергеновтің орнына келді. Бұдан бір айдай бұрын премьер-министр Олжас Бектенов ҚТЖ басшысының назарын транзиттік тасымал жоспарынан қалып қою мәселесінен аударған болатын: премьердің ақпаратынша, компания 23 миллион тоннаның орнына небәрі 16 миллион тонна тасымалдаған. Бектенов көрсеткіштердің орындалуы Алдыбергеновтің жеке жауапкершілігі екенін ескертті. Бұл ретте оның қызметтен кету себебі ресми түрде премьердің сынымен байланыстырылмады.

Еске сала кетейік, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті, сондай-ақ басқа да тұлғаларды ұстады. Олар жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке іліккен. Мекеме істің егжей-тегжейін жарияламады.

Бұған дейін Tengrinews.kz Жақыпов және пен Отыншиев туралы не белгілі екенін жазды.

12 қарашада таңертең әлеуметтік желілерде елордалық "Атлант" тұрғын үй кешені маңында чемодандар мен долларға ұқсас купюролардың шашылып жатқаны көрінетін видео тарады. Ақшаның кімге тиесілі екені және ұстау шараларына қатысы бар-жоғы ресми түрде хабарланбады.

Тағы оқыңыз: Астанада тұрғын үй кешені маңында түсірілген видеодағы чемодандарда қанша ақша болуы мүмкін?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net