Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Плитка опырылып, көшелерді су басты: нөсерден кейінгі Алматы

0
10 қарашада кешке басталған нөсерден кейін Алматының бірнеше ауданын су басты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар су астында қалған тротуарлардың видеосын жариялап, арықтардың жағдайына, сондай-ақ жұмыс пен оқуға жету қиындағанына шағымданып жатыр. Tengrinews.kz қала тұрғындарының шағымын жинақтап, коммуналдық қызметтердің су басу салдарын жою бағытында қандай жұмыс атқарып жатқанын анықтады.



"Алғашқы жаңбырдан-ақ жол шайылып кетті"10 қараша кештен бері Алматыда толассыз жаңбыр жауып тұр. 11 қараша таңертең әлеуметтік желілерде қала көшелерін су басқаны туралы жазбалар пайда болды.
Мәселен, Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде жақында ғана реконструкциялау жұмыстары аяқталған Достық даңғылындағы опырылып қалған тротуар плиткасының суретін жариялады.

"Алғашқы жаңбырдан-ақ жол шайылып кетті. Баяғы жартас, сол жартас. Тротуардың бір бөлігі опырылып түскен. Алматының орталық даңғылы – Достықты су басып қалды, жолдан өту мүмкін емес. Алда қыс келе жатыр, бізді не күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты", - деп жазды автор.

Threads әлеуметтік желісінен скриншотӘкімдік қала тұрғынының шағымына жауап беріп, нысан пайдалануға берілгеннен кейін "Алматы жылу жүйесі" ЖШС аталған учаскедегі жылу желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенін хабарлады.
Арықтардың жағдайы қалай?Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде су басқан көшелердің фото-видеоларын жариялап жатыр. Су тротуарлар мен жолдарға жиналып қалған, жаяу жүргіншілерге шалшықтан өту үшін үлкен айналма жол жасауға тура келді.
Threads әлеуметтік желісінен скриншот
"Алматы көшелері жай жаңбырдан кейін өзенге айналатын болған ба? Арықтарды жапты, жөндеу жүргізді, көшелерді абаттандырды. Бюджет ақшасын жұмсады. Міне, нөсер де, дауыл да емес, кәдімгі жаңбыр жауды. Салдары өкінішті. Тротуарларды су басқан, су ағып жатыр, жаяу жүргіншілер жүре алмай қалды. Көліктер адамдарға бастан-аяқ су шашып өтеді", - деп жазды қала тұрғындарының бірі.Қала тұрғындары нөсер суын ағызу жүйесіне қатысты мәселені де көтерді. Мысалы, тұрғындардың бірі видео жариялаған. Кадрдан ой-шұңқыры көп жолдың биіктеу тұсымен нөсер суы ағатын жүйе өтетінін, ал одан сәл төменірек жерде су қатты ағынмен ағып жатқанын көруге болады.
Threads әлеуметтік желісінен скриншот
Threads желісінің тағы бір қолданушысы әкімдікке үндеу жасап, нөсер кәрізі жағдайына назар аударуды сұрады.

"Алматы, қайырлы таң! Жүзіп жүрміз. Қалаға нөсер кәрізін қайтарыңыздар. Біз Венецияда емес, мегаполисте тұрамыз ғой", – деп жазды ол.

Жарияланған кадрлардан жаңбыр суы жол бойымен сарқырап ағып жатқаны, ал жаяу жүргіншілер су басқан жерлерді айналып өтуге тырысып жатқаны көрінеді.
Threads желісіндегі жазбаның скриншотыӘлеуметтік желілерде кейбір алматылықтар көшелерді абаттандыру жұмыстарынан кейін нөсер кәріздерін сынға алып, жазда қаладағы арықтар бетон плиталармен жабылғанын еске салды.
Шілдеде Алматыдағы арықтар бетон плиталармен жабыла бастаған. Сол кезде тұрғындар жаңбыр кезінде су қалыпты ақпайды деп алаңдаған еді. Әкімдік арық жүйесі жұмыс істей беретінін, ал жабылған учаскелерде су қабылдағыш тор сақталатынын хабарлаған.
"Балаңызды мектепке жіберер ме едіңіз?"
Алматылықтардың бірі балалар мектепке баратын су басқан тротуарды көрсетті. Әйел жолдардың жағдайына шағымданып, нөсер кезінде сабақты тоқтатуды ұсынды.

"Алматыда жаңбырлы күндері, Астанадағы аяздағыдай, мектеп, университет және жұмысты тоқтатуды ұсынамын. Сіздерге және сіздердің су шұлықтарыңызға бәрібір, оларда әлі жаңа брусчатка төселмеген! Балаңызды мектепке жіберер ме едіңіз? Біз келесі жолы үйде боламыз", – деп жазды қолданушы.

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Мектепке барар жолдағы жағдайға тағы бір тұрғын шағымданды.

"Бүгін Жароков – Құрманғазы қиылысында бәрі жүзіп жүр. Біздің мектеп Жароков бойында, ата-аналар балаларын қолдарына көтеріп тасып жүр", – деді әйел.

Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" шағын ауданының тұрғындары да су басу мәселесіне назар аудартты. Қолданушы аялдама маңындағы су басқан учаскеден өтпек болған жаяу жүргіншілердің видеосын көрсетті.
Сонымен қатар тұрғындар әлеуметтік желілерде кей жерлерде жаңбырдан кейін асфальт шөгіп қалғаны түсірілген видеоларды жариялады. Кейбір учаскелерде жол жабыны бұзылып, шұңқырлар пайда болған, бұл қала тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды.
Видеодан/Threads-тен алынған скриншот
Алматыдағы жауын-шашын мөлшері
Алматы әкімдігі жаңбыр 10 қараша кештен бері жауып жатқанын хабарлады. "Қазгидромет" мәліметінше, 11 қараша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша жауын-шашын мөлшері:

Алматыда – 23 миллиметр;
Медеу ауданында – 26 миллиметр;
Каменское үстірті – 36 миллиметр болды.

Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы түнде қаланың бірнеше ауданында су жиналғанын растады.

"Коммуналдық қызметтер көшелер мен аулалардағы жергілікті су басу салдарын жою бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады әкімдік.

Фото: Алматы әкімді
Коммуналдық қызметтер не істеп жатыр?Әкімдік нөсер салдарын жою үшін жедел бригадалардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылғанын хабарлады. Қазір жұмысқа 85 бригада, яғни 1 579 адам тартылған. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер:

415 бірлік техника;су соруға арналған 97 мотопомпа;дайындалған 2 950 қап құм пайдаланылғанын хабарлады

Бір тәулікте 3 253 жол жұмысшысы кезекшілікке шығады.
Фото: Алматы әкімдігі
Жаңбырдан кейін "Алатау" метросын су басты
Бұған дейін жаңбырдан кейін "Алатау" метро бекеті кіреберісін су басқаны хабарланған болатын. 11 қарашада таңертең куәгерлер оқиға орнынан видео жариялады. Алматы метрополитені өкілдері бұған жауын-шашынның көп болуы және қалалық су бұру желісінің толып кетуі себеп болғанын түсіндірді.
Фото: Алматы әкімдігі
Сағат 10:30-дағы жағдай бойынша мамандар суды сорып алды. Сонымен қатар метрополитен басшылығы бекет штаттық режимде жұмыс істеп, жолаушыларды қабылдап жатқанын хабарлады.
Алматыда жаңбыр қашан басылады?Әкімдіктің мәліметінше, синоптиктердің болжамы бойынша 11 қарашада жаңбыр кешке дейін жауады.
Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын жауады деп болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +5…+7 °C болады.12 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, тұман түсуі мүмкін.Әкімдік тұрғындарды жолда сақ болуға, жылдамдықты азайтуға және көліктерді су жиналуы мүмкін жерлерге қоймауға шақырды. Қатты жел кезінде қала тұрғындарына ағаштар мен жарнама билбордтарынан алшақ жүруге кеңес беріледі.
Тағы оқыңыз: Алматыда жаңбырдан кейін “Алатау“ метро станциясын су басты





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net